Тель-Авив Гран При: Серікжанов - финалда, Жұмақанов қола жүлде үшін күреседі
18:43 | 23 қаңтар 2020
Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан Гран При бәсекесінде қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов финалға шықты.
66 келіге дейінгі салмақта белдескен ол жартылай финалда Барух Шмаиловті вазари ұпайымен ұтты. Оның финалдағы қарсыласы - Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ан Баул (Оңтүстік Корея)
Отандасымыз Ерлан жартылай финалға дейін іріктеу кезеңінде Ярин Менегед (Израиль), Мурад Шопанов (Ресей), Орхан Сафаровты (Әзірбайжан) жеңген болатын.
Дәл осы салмақта тағы бір дзюдошы Елдос Жұмақанов кіші финалға жолдама алды. Жұбаныш белдесуінде отандасымыз әзірбайжандық Орхан Сафаровты жеңді. Жарыстың қола жүлдесі үшін израильдік Таль Фликкермен кездеседі.
Финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады.
0 пікірлер