​Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік Гран Приге қатысады

09:59 | 16 қаңтар 2020

23-25 қаңтар күндері Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық Гран При жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан беріледі.

Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Серік Ақылбек (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Руслан Мұсаев (-81 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

545118ba1dd1be626ac3f21ad6104eeb.jpeg

Әйелдер:

Ақмарал Науатбек (-48 кг)

Анна Казюлина (-52 кг)

Севара Нишанбаева (+57 кг)

Мөлдір Нарынова (-70 кг)

Зере Бектасқызы (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар