2020 жылғы Қазақстан Республикасының Чемпионаттарының күнтізбесі
Дзюдодан 2020 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаттарының өтетін мерзімдері белгіленді. Биыл күнтізбе бойынша барлығы 6 ел біріншілігі, атап айтқанда:
-2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6-11 ақпан күндерің Қостанай қаласында;
-2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты 4-9 наурыз күндері Тараз қаласында;
-23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында;
-2004-2005 жылдары туған спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан Чемпионаты 1-6 мамыр күндері Орал қаласында;
-2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты 17-20 маусым күндері Түркістан облысы, Шардара қаласында;
-Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 3-8 қараша күндері Атырау қаласында өтеді.
0 пікірлер