Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің тәуелсіздік күнімен құттықтауы

13:25 | 16 желтоқсан 2019

Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо сүйер қауым!

Сіздерді Қазақстан дзюдо федерациясының атынан төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік - бізге бабалар аманаттаған асыл мұра, ең қымбат қазынамыз. Егеменді еліміздің тәуелсіздігіне 28 жыл толып отыр. Осы жыл ішінде қазақстандық спортшылар, соның ішінде дзюдошылар көк байрақты көкке көтеріп, көбімізді қуантуда. Спортшылар ел қоржынына салған әрбір жүлдені тәуелсіздікке тарту деп білемін. Бізді алда төрт жылдықтың басты додасы - Олимпиада маусымы күтіп тұр.

Осы айтулы күнде отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,

Қ.Қожамжаров

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар