Осакадағы «Grand Slam» жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы
16:35 | 11 қараша 2019
22-24 қараша күндері Оскада (Жапония) дзюдодан әлемдік «Grand Slam» жарысы өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 10 дзюдошы қорғайды.
Ерлер:
Рустам Ибраев (-60 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Жанболат Багтбергенов (-73 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)
Айбек Серікбаев (-100 кг)
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)
Әйелдер:
Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)
Севара Нишанбаева (-57 кг)
Зарина Райфова (-78 кг)
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, «Grand Slam» жарысында жеңімпаз атанған спортшыларға әлемдік рейтингте 1000 ұпай қосылады. Екінші орынға – 700, үшінші орыннан көрінген дзюдошы 500 ұпайға ие болады.
0 пікірлер