Ғұсман Қырғызбаев: Әлем чемпионатындағы қателікті қайталамауға тырыстым

09:57 | 30 қазан 2019

«GrandSlam» әлемдік жарысында жеңімпаз атанған Ғұсман Қырғызбаев жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті:

«Әбу-Дабиде өткен «GrandSlam» жарысында жеңімпаз атанғаныма шын қуаныштымын. Әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін бапкерлермен бірге қатемен жұмыс істедік. Дүниежүзілік біріншілікте жіберген қатені қайталамауға барымды салып, өте мұқият күрестім. Жоспарымыз орындалып, жеңіске жеттім. Қай белдесуді алсақ та оңайға соққан жоқ. Бапкерлердің еңбегі ақталды деп ойлаймын. Бізге жанкүйер болып, жанашыр болған барша дзюдо сүйер қауымға қолдаулары үшін алғыс білдіргім келеді», - дейді Ғұсман Қырғызбаев.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар