Жастар арасындағы ӘЧ: Бүгін татамиге 4 спортшы шығады
12:39 | 17 қазан 2019
Марракеште (Маррокко) дзюдодан жастара арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ұлдар 73, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтаса, қыздар 57 және 63 келіге дейінгі салмақта күреседі.
73 келіге дейінгі салмақта Бақытжан Абдурахманов ел намысын қорғайтын болады.
Ал қыздардан 57 келіге дейінгі салмақта Меруерт Сәрсенова, 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ақерке Құлаш пен Кристина Сотникова белдеседі.
Айта кетерлігі, жастар арасындағы дүниежүзілік біріншілікке 81 елден 517 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 20 қазанға дейін жалғасады.
0 пікірлер