Тынбаева, Қайыпхан және Амангелді әлем чемпионатында 7-ші орын алды
Бүгін, 16 қазан күні Марракеште дзюдодан жастара арасындағы әлем чемпионаты басталды.
Жарыстың бірінші күнінде дзюдошы ұлдар 60 және 66 келіге дейінгі, қыздар 48 бен 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан сапынан бүгін татамиге қыздарымыз Ақмарал Науатбек, Ғалия Тынбаева, Ақжол Қайыпхан және Ақмарал Ерназар шықты. Өкінішке қарай, бұрымды балуандар іріктеу кезеңінен әрі аса алмады. Қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен Ақжол Қайыпхан мен Ғалия Тынбаева болды. Олар жұбаныш белдесуіне дейін жетіп, жастар арасындағы әлем чемпионатын 7-ші орында аяқтады.
Ұлдардан Болат Біләл, Шерзод Давлатов, Нұрзат Сәлімбаев пен Ермек Амангелді бақтарын сынады. Нәтижесінде, Ермек Амангелді ғана жарыстың ширек финалына жетті. Алайда, отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатында 7-ші орынға жайғасты.
Айта кетерлігі, Марракеште өтіп жатқан дүниежүзілік біріншілікке 81 елден 517 татами шебері қатысып жатыр. Аталған дода 20 қазанға дейін жалғасады.
0 пікірлер