Дзюдодан әлем чемпионатының жеңімпаздары ұлттық нақыштағы медльмен марапатталады
25 қыркүйек күні Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Дүниежілік біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлттық нақышта өрнектелген медальдармен марапатталады.
25-29 қыркүйек күндері өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 64 елден 500-ге жуық жас татами шеберлері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрамасынан аталмыш додада ел намысын 32 дзюдошы қорғады.
Жарыс күн сайын сағат 10:00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Жарысқа кіру тегін болмақ.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:
24 қыркүйек
Жеребе тарту рәсімі – 14:00
25 қыркүйек
Қыздар – 40 кг, -44 кг
Ұлдар – 50 кг, -55 кг
Жарыстың басталуы – 10:00
Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 15:20
Финалдық кезең – 16:00
26 қыркүйек
Қыздар – 48 кг, -52 кг
Ұлдар – 60 кг, -66 кг
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық кезең – 16:00
27 қыркүйек
Қыздар – 57 кг, -63 кг
Ұлдар – 73 кг, -81 кг
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық кезең – 16:00
28 қыркүйек
Қыздар – 70 кг, +70 кг
Ұлдар – 90 кг,+90 кг
Жарыстың басталуы – 10:00
Финалдық кезең – 16:00
29 қыркүйек
Mixed Teams – аралас командалық жарыс
Жарыстың басталуы – 10:00
0 пікірлер