Азиада «қоласы» – қазақ дзюдошысының еншісінде
2013 жылдың 16 тамызында Нанкин қаласында (Қытай) екінші рет жасөспірімдер арасындағы Азиада ойындарының ашылуы өтті. Жарыстың ресми сайтынының хабарлауынша, 16-24 тамыз аралығындағы тартыс спорттың 17 түрінен болды. Медаль үшін болған додаға 45 Азиада аумағының 2 430 спортшысы қатысты.
Қазақстандық дзюдошы Анатолий Дураченко алғашқы күнгі тартыста-ақ көзге түсіп, 55 келі салмақ нәтижесі бойынша қола медальға қол жеткізді.
Жасөспірімдер арасындағы азиада ойындарының вице-президенті және ұйымдастырушы комитеттің бас хатшысы Янь Лю дүбірлі доданың ашылу салтанатында «Бұл Ойын тек спорт үшін болып жатқан жоқ, керісінше, жастар арасында осы саладағы ілімдерді кеңінен насихаттайтын ойының түрі» деді. Жасөспірімдер арасындағы азиада ойындары олимпиадалық жүйемен жылына төрт рет Азия Олимпиадалық кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылады. Бірінші ойындар 2009 жылы Сингапурде өткен, ал келесі ойындар Хамбантота, Шри-Ланкада өткізілмек.
0 пікірлер