Мөлдір Нарынова Азия чемпионы атанды

15:20 | 30 шілде 2019

Қазақстандық дзюдошы Мөлдір Нарынова Таайбэйде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 70 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Ширек финалда моңғолиялық Оюнтулхур Бумбугурды, жартылай финалда Мария Суанды, ал финалда Иран спортшысы Мариам Барбатты иппон ұпайымен жеңді.

Естеріңізге сала кетсек, Тайбэйде жастар арасынд құрлық біріншілігі өтіп жатыр. Әлемнің 21 елінен жиналған 170 дзюдошы өзара мықтыны анықтауда.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар