Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында 2 алтын алуды жоспарлайды
27-28 шілде күндері Тайпейде дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия Чемпионаты өтеді.
Жылдың ең маңызды додаларының бірі саналатын Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы жақсы дайындықта бара жатыр. Бұл туралы Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғайнулла Есенғалиев айтып берді.
- Аталмыш Азия Чемпионаты алдағы Әлем чемпионатына іріктеу жарыстарының бірі десек болады. Жарыста біздің басты қарсыластарымыз Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия құрамасының спортшылары болмақ. Біздің құрамада жасақталған спортшылар да осал емес. Соған орай, Тайпейде өтетін құрлықтық чемпионаттан 2 алтын медаль алуды жоспарлап отырмыз, - дейді құраманың аға жаттықтырушысы.
Азия Чемпионатына 19 елден 200-ге жуық дзюдошылар қатысады деп жоспарланған. Қазақстан жасөспірімдер құрама командасынан 19 татами шебері ел намысын қорғайды.
Қыздар:
Алима Жұмағалиева (40 кг)
Диана Буркеев (44 кг)
Аружан Ережепова (48 кг)
Балнұр Абдешова (48 кг)
Аяулым Қуаншова (52 кг)
Шапағат Даулет (57 кг)
Алена Чуссовитина (63 кг)
Даяна Талғат (70 кг)
Мадина Парагульгова (+70 кг)
Карина Такиева (+70 кг)
Ұлдар:
Нұрқанат Серікбаев (50 кг)
Аслан Лес (55 кг)
Марлен Әділ (60 кг)
Тілеген Тынарбай (66 кг)
Серікбол Естай (73 кг)
Мұхаммедали Мавлидов (81 кг)
Айдар Арапов (81 кг)
Нұрасыл Болат (90 кг)
Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 кг)
0 пікірлер