Қазақстандық дзюдошылар Испанияда дайындалуда
10:39 | 02 шілде 2019
Испанияның Аликанте қаласында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Аталмыш халықаралық оқу-жаттығу жиынына 40 елден 500-ге жуық дзюдошы өзара тәжірибе алмасуда. Оның ішінде Олимпиада мен Әлем чемпиондары, құрлықтық Чемпионаттың жеңімпаздары бар. Ал Қазақстан құрамсынан аталмыш дайындық кезеңге Зере Бектасқызы, Дидар Хамза және Ерасыл Болат қатысып, шеберліктерін шыңдайды. Оқу-жаттығу жиыны 7 шілдеге дейін жалғасады.
0 пікірлер