Дзюдошылар Бүкіләлемдік жазғы Универсиадасына толық құраммен қатысады
3-14 шілде күндері Италияның Неопаль қаласында ХХХ Бүкіләлемдік Жазғы Универсиадасы өтеді. Екі жыл сайын ұйымдастырылатын бүкіләлемдік универсиада ойындарында дзюдошылар 4-7 шілдеде өзара мықтыны анықтайды. Италия жерінде ерлер -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде бақ сынаса, қыздар -52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг және +70 келіден жоғары салмақта белдеседі.
Дзюдодан Қазақстан құрамасы жазғы универсиада ойындарына толық құраммен қатысады. Ерлер құраамасында Дамир Бекесов (-66 кг), Айдарбек Тоқтарбек (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай (+90 кг), Барыс Қуан (-73 кг), Арқабай Барақ (-81 кг) татамиге шықса, Салтанат Сұлтанбекова (-52 кг), Иоланта Бердыбекова (-63 кг), Ақерке Рамазанова (+70 кг), Жанар Қашқын (-70 кг), Ақмарал Ерназар (-57 кг) сынды бұрымды балуандар қыздар құрама сапында ел намысын қорғайды.
Назарларыңызға Универсиадада дзюдо бойынша өтетін жарыстар кестесін ұсынамыз:
4 шілде
Қыздар: - 70 кг, +70 кг;
Ерлер: -90 кг, +90 кг
5 шілде
Қыздар: - 57 кг, -63 кг;
Ерлер: -73 кг, -81 кг
6 шілде
Қыздар: -52 кг
Ерлер: -66 кг
7 шілде
Командалық жарыстар
0 пікірлер