Нұрзат Сәлімбаев - Еуропа кубогының қола жүлдегері

22:56 | 22 маусым 2019

Бүгін Венгрияның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы басталды. Тартысты доданың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошы Нұрзат Сәлімбаев қоржынға қола жүлдені салды. 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Нұрзат жұбаныш финалында чех спортшысы Жан Свободаны иппон ұпайымен ұтты.


Сондай-ақ, қазақстандық жас татами шеберлері Жанасыл Ануаров (-73 кг) пен Мөлдір Нарынова (-70 кг) жарысты 5-ші орынмен аяқтады.

Айта кетерлігі, жарыс 23 маусым күні аяқталады. Еуропа кубогына Қазақстанмен қатар 27 елден 413 спортшы қатысып жатыр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар