Парадзюдошы Олжас Оразалыұлы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды
10:53 | 14 мамыр 2019
Парадзюдошы Олжас Оразалыұлы әлемдік Гран При турнирінің қола жүлдегері атанды
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан Әлемдік Гран При турнирінде қазақстандық спортшы Олжас Оразалы қола жүлдегегер атанды. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлем чемпионы Олжас жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті.
Жарыс нәтижесі бойынша Әзербайжандық Ширинли Вугар жарыс жеңімпазы атанса, Бельгия спортшысы Алекс Болога екінші орынға табан тіреді.
Байрақты бәсекеде 35 мемлекеттің балуандары 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиада ойындарына жолдама ұпайларын сарапқа салуда.
12-15 мамыр аралығында өтіп жатқан додада ел намысын 4 салмақ дәрежесінде жеті спортшы қорғауда.
0 пікірлер