Ислам Бозбаев - Азия Чемпионатының қола жүлдегері

21:23 | 22 сәуір 2019

Қазақстандық дзюдошы Фуджейрада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Отандасымыз бірінші белдесуінде тайпейлік Фонг Чун Ченді уақытынан бұрын жеңсе, ширек финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты вазари ұпайымен ұтты.
Ал жартылай финалда тәжікстандық Камроншах Истопирионға есе жіберген соң, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.
Жұбаныш финалында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Оңтүстік Кореялық Гвак Дон Ханды оңай ұтып, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.
Естеріңізге сала кетсек, Фуджейрада өтіп жатқан Азия чемпионатында Ерлан Серікжанов алтын алса, Галбадрах Отгонцэцэг пен Елдос Жұмақанов күміс, Севара Нишанбаева мен Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болған еді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар