Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы аяқталды

21:01 | 21 сәуір 2019

Бүгін Алматыда ддзюдодан Қазақстан дзюдо федерциясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты аяқталды. Жарыстың бірінші күнінде 6 елдан 224 жасөспірім дзюдошы белдессе, екінші күні 7 елден 186 жас спортшы өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде, жасөспірімдер арасында өткен жарысты Қазақстан құрамасы 11 алтын, 10 күміс және 20 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. 3 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болған Қырғызстан құрамасы үздік үштікті аяқтады.

Айта кетерлігі, Алматы қаласында өткізілген Азия кубогы дзюдодан жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатының алдыдағы даайындық турнирі болды. Себебі, 25-29 сәуір күндері Алматыда жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтеді.

Жарыстың екінші күнінде татамиге жастар шығып, 14 салмақ дәрежесінде жүлдені сарапқа салды. 8 алтын, 8 күміс, 16 қола жүлдемен Қазақстан бірінші орынға шықса, Өзбекстан командасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қоламен екінші орынды місе тұтты. Қырғызстан құрамасының жастары 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде үшінші орынға жайғасты.

Жастар арасында өткен Азия Кубогының нәтижесі келесідей:

Қыздар:

-48 кг

1. Кимё Марасулова (Өзбекстан)

2.Багул Нурияева (Түркіменстан)

3.Анастасия Кутерина (Ресей)

3.Жанерке Асқарова (Қазақстан)

-52 кг

1. Ақжол Қайыпхан (Қазақстан)

2.Диана Хан (Қырғызстан)

3.Мария Чернишева (Ресей)

3.Нұрсұлу Ералиева (Қазақстан)

-57 кг

1. Меруерт Сарсенова (Қазақстан)

2.Нұржамал Жарманова (Қазақстан)

3.Жансая Аманбаева (Қазақстан)

3.Мария Илюшкина (Ресей)

-63 кг

1. Зарина Сарипова (Қазақстан)

2. Гүлзада Алмаз (Қазақстан)

3.Саёра Мирзахметова (Қазақстан)

3.Кристина Сотникова (Қазақстан)

-70 кг

1.Ақерке Құлаш (Қазақстан)

2.Анастасия Маякова (Қазақстан)

3. Аян Амзе (Қазақстан)

3. Аяла Мереке (Қазақстан)

-78 кг

1. Маргарита Гриценко (Қазақстан)

2.Арайлым Оразбай (Қазақстан)

3. Аруна Жангелдина (Қазақстан)

+78 кг

1.Рината Илматова (Өзбекстан)

2.Арайлым Абенова (Қазақстан)

3.Ақерке Рамазанова (Қазақстан)

3.Ақнұр Ашиммырза (Қазақстан)

Ұлдар:

-60 кг

1. Сухбат Биямбасурен (Моңғолия)

2.Кубанычбек Айбекуулу (Қырғызстан)

3. Болат Білал (Қазақстан)

3. Шерзод Давлатов (Қазақстан)

-66 кг

1.Дастан Шаяхметов (Қазақстан)

2.Кемелбек Молдаш (Қазақстан)

3.Нұрзат Сәлімбаев (Қазақстан)

3.Ермек Амангелді (Қазақстан)

-73 кг

1.Бексұлтан Дүйсенов (Қазақстан)

2.Бауыржан Қасым (Қазақстан)

3.Айбар Мукушев (Қазақстан)

3.Егор Радинов (Ресей)

-81 кг

1.Адиль Мирзаев (Қырғызстан)

2. Жалолиддин Курбанмурадов (Өзбекстан)

3. Сергей Скоробогатов (Ресей)

3.Нурбек Ортай (Қазақстан)

-90 кг

1. Васили Таранов (Ресей)

2. Бексұлтан Ануарұлы (Қазақстан)

3. Сардор Хуррамов (Өзбекстан)

3.Жандос Болагаш (Монголия)

-100 кг

1.Бекарыс Садуақас (Қазақстан)

2.Ильдар Ихсанов (Ресей)

3.Нұрлыхан Шархан (Қазақстан)

3.Чингизхан Шокиров (Өзбекстан)

+100 кг

1.Бибарыс Әбдіғани (Қазақстан)

2.Ильяс Калидолда (Қазақстан)

3.Дастан Сарбатов (Қазақстан)

3.Нодар Багаев (Ресей)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар