Спорт күні құтты болсын!

10:00 | 16 тамыз 2013

16 тамызда спорт өкілдері, атап айтқанда Қазақстанның олимпиада чемпиондары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігінде алдағы Спорт күніне орайластырылған салтанатты шараға жиналды. 244 адам «Дене шынықтыру және спортты дамытуда қосқан үлесі» және «Құрметті спорт қызметкері» атағына ие болып, құрмет қағаздары мен алғыс хаттарға ие болды. Марапатталған тұлғалардың арасында МТБ Конфедерациясының спорттық жекпе –жек және күш қолданатын спорт түрінің негізін салу және нығайту үйлестірушісі Арман Бақытжанұлы Ташметов бар. Осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

8b4a11cedf5c36c4aa1589ce24ee4e4a.jpg

ca6698551563298d15cdd4ab64509362.png

15 тамыздан бастап республикамыздың түкпір-түкпірінде басты спорттық мереке аталып өтіледі. Жаппай спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, Қазақстанның спорттық мәдениетіне орасан үлес қосқан жерлестеріміз марапатталатын болады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар