Ерасыл Қажыбаев - Гран При турнирінің күміс жүлдегері
01:09 | 11 наурыз 2019
Ерасыл Қажыбаев - Гран При турнирінің күміс жүлдегері
Ерасыл Қажыбаев Марокконың Мараккеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол ақтық финалда германиялық Свен Хейнлимен кездесіп, есе жіберді.
Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін күрескен Айбек Серікбаев жұбаныш финалында есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетсек, дәл осы жарыста 66 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Ерлан Серікжанов қола жүлдені қоржынға салған болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы Мароккода өткен Гран При жарысын 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады.
0 пікірлер