Елдос Сметов «Grand Slam»турнирінің финалында!
19:56 | 09 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (-60 кг) Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінің финалына шықты. Жартылай финалдық бәсекеде отандасымыз моңғолиялық Дашдаава Амартувшинді жеңіп, финалда жапон балуаны Такато Ноахисамен күреседі.
Тағы бір қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) жарыстың қола жүлдесі үшін күреседі. Оның жұбныш финалдағы қарсыласы моңғолиялық Ганбаабар Наранцэцэг болмақ.
Финал Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. «Qazsport» арнасы жарыстың финалын тікелей эфирде көрсетеді.
0 пікірлер