​Маңғыстауда спортшылар марапатталды

12:48 | 06 желтоқсан 2018

4-желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «Жас батыр» спорт мектебінің жылдық қорытынды шарасы өтті. Шарада маңғаз Маңғыстау жерінің намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылардың еңбегі бағаланып, өңірде спорттың дамуына ат салысқан спорт сүйер қауымға қошемет көрсетілді. Облыстық «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекеновтың бастамасымен ұйымдастырылған шара «Жас (батыр үздіктері» деген атаумен өтті. Шара барысында Манарбек Бисекенов Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының әкімдігіне, Маңғыстау облысының дене шынықтыру, спорт басқармасына, федерацияларға, Бақ өкілдеріне алғыс айтып, елдің ең басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады.

5df161d8e700ac6ca11521f82ed9ce10.jpeg

«2018 жыл Маңғыстау облыстық «Жас батыр» мамандандырылған спорт мектебі үшін толағай табыстарға, жарқын жетістіктерге толы жыл болды. Спортшыларымыз байрақты бәсекелерде аймақ намысын абыроймен қорғап, ел мақтанышына айналды. Атап айтар болсақ, киелі Маңғыстау топырағында өмірге келіп, әнұранымызды халықаралық жарыстарда әуелеткен мектебіміздің алты бірдей дзюдошылары Рамазан Мамаев, Бауыржан Нарбаев, Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Сағынғалиұлы, Ақниет Тұрдан, Әмірбек Жеңісов қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүр, және жастар, жасөспірімдерімізде тағы бар.

6964ac78b21c1769657a5663f97d5778.jpeg

«Жастары белсенді елдің-ертеңі жарқын». Осы қағиданы ұстанған мектебімізде бүгінгі таңда облыстың жастары дзюдо, самбо, волейбол, баскетбол, жекпе-жек сайысы, көркем гимнастикамен айналысып, бос уақыттарын тиімді өткізуде. Жоғарыда атап өткен алты бөлімде 974 спортшы тәлім алады, оларға 34 жаттықтырушы-ұстаз дәріс береді. 25 жаттықтырушының жоғары, 9-ының орта-арнаулы білімі бар.

Мектебіміздің әр ауданда филиалдары ашылып, жұмысымыз жандануда. Шәкірттеріміз жоғарыда атап өткендей әлемдік жарыстарда топ жарып, облыс абыройын асқақтатуда. Мұның барлығы әрине қажырлы еңбек пен ұжымдағы ауызбіршіліктің көрінісі. Айқын мақсат пен қажырлы еңбек ұштасқанда ғана келешек күнге деген нық сенім құралады. Біздің әр шәкіртіміз үлкен жеңістің ащы термен келетінін біледі. Сондықтан да біздің мектебіміздің басты ұраны-адал Еңбек пен айқын Мақсат!»-дейді «Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов жылдық қорытындылау шарасында.

3ce378ce680270e28732e9e2fca88d07.jpeg

Кеңесбек Мерейлім, Жұбатқан Нұрсұлтан, Нұрғалиев Салават, Абдуразақ Ерсұлтан, Өмірбек Арман, Берекет Нұрсәт, Ғабит Расулхан, Рахметов Алихан, Тұрақбаев Сұңғат, Тұрақбаев Сұңқар, Мизамбай Әдиқожаа, Абиев Асхат, Бөлтеков Гамзат, Утепберген Адилет, Қоныскерей Талғат, Қабиденов Абылай, Сағындықова Көрке, Қобланов Төрекен, Қобланов Жомарт, Аппазова Балнұр, Байменов Алтай, Қомшабаев Нұрлы, Тілембаев Жарас, Нарбаев Бауыржан, Жеңісов Әмірбек сынды дзюдошылар мен дзюдодан Маңғыстау облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы Имашев Айбек Әсетұлы алғыс хаттармен марапатталды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар