Олжас Оразалыұлы - парадзюдодан Әлем Чемпионы

00:14 | 17 қараша 2018

Лиссабонда өтіп жатқан парадзюдодан Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Олжас Оразалыұлы 60 келіге дейінгі салмақта Әлем чемпионы атанды.

Ол алғашқы белдесуінде Испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Жараевты жеңсе, финалда алжирлік Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар