Дидар Хамза - Гран При жеңімпазы
20:07 | 10 қараша 2018
Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалдық кезеңде Моңғолия спортшысы Дагвасурен Ниямсуренді голден скорда (қосымша уақытта) ұтты.
81 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Дидар Хамза аталмыш жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Дидар финалға дейін Мехди Фазипорадалды (Иран), Алфонсо Солана Уркюзаны (Испания), Аттила Унгвариді (Венгрия) және Алексиос Нтанацидисті жеңген болатын.
Осылайша, Дидар Хамза Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды.
0 пікірлер