Дидар Хамза Ташкентте Гран При финалына шықты
16:21 | 10 қараша 2018
81 келіге дейінгі салмақта күрескен Дидар Хамза Ташкентте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінің финалына шықты. Финалда моңғолиялық Дагвасурен Нямсуренмен кездеседі.
Дидар финалға дейін Мехди Фазипорадалды (Иран), Алфонсо Солана Уркюзаны (Испания), Аттила Унгвариді (Венгрия) және Алексиос Нтанацидисті жеңді.
Финалдық кезең Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жарысты тікелей эфирде "Qazsport" арнасы көрсетеді.
0 пікірлер