Ақтауда дзюдодан ашық Азия кубогы​ басталды

21:43 | 03 қараша 2018

Ақтауда ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы басталды. Аталмыш турнир 2009 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Биыл Азия дзюдо одағының күнтізбесіне сәйкес өткізіліп отырған турнирге Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Греция, Қырғызстан, Моңғолиядан 100-ден аса дзюдошы қатысып жатыр. Жарыстың салтанатты ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Спорттық жекпе жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры, Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті Елдос Рамазанов және Азия дзюдо одағының спорт директоры Дэвид Картер, Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев, Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Максим Раков, Азамат Мұқанов, Отгонцэцэг Галбадрах сынды еліміздің бетке ұстар дзюдошылары қонақ болды.

Маңғыстау облысының әкімі жарыстың ашылу салтанатында дүйім жұртқа сәттілік тілеп, осындай үлкен шараға жиналғандарға рақметін айтты.

Айта кетерлігі, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы лицензиялық турнир болып табылады. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі. Мәселен, бірінші орын иегері 100 ұпайға ие болса, екінші орын алған дзюдошы 60 ұпай, үшінші орыннан көрінген спортшыға әлем рейтингінде 40 ұпайдан қосылады. Ашық Азия кубогы 4 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың бас ақпараттық серіктесі «Qazsport» арнасы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогін 4-5 қараша күндері эфирден көрсетеді.

Назарларыңызға бірінші жарыс күнінің қорытындысын ұсынамыз:

a916d98d3e659430374eca48bdb7eafa.jpg

60 кг

1. Камран Нуриллаев (Өзбекстан)

2. Билгуун Догсом (Моңғолия)

3. Канат Сейлхан (Қазақстан)

3. Рамазан Мамаев (Қазақстан)

dc0edad6d10e7fd03e404958cb22af5b.jpg

66 кг

1. Сұңғат Жұбатқан (Қазақстан)

2. Әбілқайыр Мәуленин (Қазақстан)

3. Айболат Ыстыбаев (Қазақстан)

3. Алтаншух Довдон (Қазақстан)

bef1b4b1c7f180ef1511141813678508.jpg

73 кг

1. Гергиос Азойдис (Греция)

2. Хайомиддин Жаббаров (Тәжікстан)

3. Нурлан Оразалин (Қазақстан)

3. Бека Шавдатуашвили (Грузия)

71de84d623119aedf8e88a12842feb28.jpg

52 кг

1. Әйгерім Әбілқадірова (Қазақстан)

2. Абиба Абужақынова (Қазақстан)

3. Ақжол Қайыпхан (Қазақстан)

ba8280716fc08007c2652c1dc8f5503c.jpg

57 кг

1. Анна Казюлина (Қазақстан)

2. Севара Нишанбаева (Қазақстан)

3. Кәмшат Қарасайқызы (Қазақстан)

4c54f4d2d6e32b20e3028a3586bf7cd1.jpg

63 кг

1. Иоланта Бердибекова (Қазақстан)

2. Саера Мирзахметова (Қазақстан)

3. Ақниет Тұрдан (Қазақстан)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар