Ақтауда дзюдодан ашық Азия кубогы өтеді
3-4 қараша күндері Ақтау қаласында халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогы өтеді. Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Греция, Грузия және Алжирден 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі:
1 орын – 100 ұпай
2 орын – 70 ұпай
3 орын – 50 ұпай
Екі күнге созылатын жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:
3 қараша
Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг
10:00 – жарыстың басталуы
16:30 –жарыстың ресми ашылу салтанаты
17:00 –финалдық кезең
4 қараша
Ерлер: - 81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: - 70 кг, -78 кг, +78 кг
10:00 – жарыстың басталуы
17:00 –финалдық кезең
0 пікірлер