Ғұсман Қырғызбаев - "Grand Slam" турнирінің қола жүлдегері

19:59 | 27 қазан 2018

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев "Grand Slam" турнирінің қола жүлдегері атанды. 60 келіге дейінгі салмақта күрескен ол жұбаныш финалында бельгиялық Жорри Верстритенді вазаримен ұтты.

Жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген отандасымыз бірінші белдесуде венгриялық Чабо Цабоны, ширек финалда ресейлік Альберт Огузовты ұтты. Алайда жартылай финалда Франциско Гарригосқа жеңілген еді.

Дәл осы салмақта қола медаль үшін күрескен тағы бір отандасымыз Елдос Сметов өзбек балуаны Шарофуддин Лутфиллаевқа есе жіберіп, жарысты 5-орында аяқтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар