Қайрат Қожамжаров Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып сайланды

16:18 | 23 қазан 2018

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының Кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болып Қожамжаров Қайрат Пернешұлы сайланды.

1477165d59dcd32579245c4ffd577620.jpeg

Конференцияда республикалық және облыстық федерациялардың өкілдерімен өзекті мәселелер, соның ішінде дзюдоның аймақтардағы жағдайы, еліміздегі дзюдоның даму жөнінде мәселелер талқыланды

Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының бас директоры Рамазанов Елдос Мұратұлы, ҚР Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директорыАсхат Житкеев, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов, дзюдодан Әлем Чемпионы Максим Раков, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов, дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Смағұлов, жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бекарыс Сәдуақас, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко қатысты.

a25bbaf0f69c584346d73c7bc93ac8e6.jpeg

Жиын соңында жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Бекарыс Сәдуақас пен жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Маргарита Гриценко Дзюдо федерциясының президентіне құрмет ретінде кимоно сыйлады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар