Олимпиадада Бекарыс Сәдуақас аралас командалық жарыста қола алды
Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдошы Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сайыста қола жүлдегер атанды.
Аралас командалық жарыста әр елдің спортшылары осы уақытқа дейін Олимпиада ойындары өткен қала атауымен аталатын командаларға бөлінді. Қазақстандық Маргарита Гриценко "Барселона" командасына түссе, Бекарыс Сәдуақас "Лондон" құрамасының сапында болды.
Жарыс ережесі бойынша, әр командада 4 қыз, 4 ер бала 8 салмақ бойынша белдесті. Қыздар: -44 кг, -52 кг, -63 кг, -78 кг, ер балалар: -55 кг, - 66 кг, - 81 кг, -100 кг.
Құрамында Маргарита Гриценко бар "Барселона" тобы алғашқы айналымда "Атланта" тобынан жеңілсе, Бекарыс Сәдуақас белдескен "Лондон" тобы жарыстың қола жүлдегерлері атанды.
"Лондон" командасында Янгчен Уонгмо (Бутан), Ноему Орнета Хуаюхуамеза (Перу), Рейчэл Крапман (Канада), Эдиз Ортиз (Экуадор), Даниэл Леутгеб (Австрия), Джао Сантос (Бразилия), Ахмед Ребахи (Алжерия) және Бекарыс Сәдуақас (Қазақстан) күресті.
0 пікірлер