Ғайнолла Есенғалиев: Жасөспірімдер Олимпиадасындағы жоспарымыз 1 алтын, 1 қола

11:47 | 05 қазан 2018

6-18 қазан күндері Аргентинадағы Буэнос-Айрес қаласында ІІІ жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындаары өтеді. 7-10 қазан күндері дзюдо бойынша өтетін сайыстарға әлемнің 70 елінен 104 жасөспірім дзюдошылар қатысады. Қазақстан сапынан Бекарыс Сәдуақас (-100 кг) пен Маргарита Гриценко (-78 кг) бақтарын сынайды. Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғайнолла Есенғалиев спортшылардың жасөспірімдер Олимпиадасына тас-түйін дайын екенін хабарлады.

- Аргенитинаның Буэнос-Айрес қаласында өтетін ІІІ Жасөспірімдер арасындағы жазғы Олмпиада ойындарына соңғы дайындық жұмыстары Алматы қаласында өтті. Алматыда 12 күнге созылған оқу-жаттығу жинында спортшылардың физикалық, тактикалық дайындықтарын пысықтадық. Сондай-ақ, Астана қаласындағы күрес түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының мамандарымен, әсіресе, массажист, дәрігер, психолог мамандармен бірлесе жұмыс істеп, балуандарымызды баптадық, - дейді аға жаттықтырушы Ғайнолла Есенгелдиев.

- Біз, бұған дейін Халықаралық дзюдо федерациясының шақыртуымен Бекарыс Сәдуақас, Маргарита Гриценко және мен, үшеуміз Тунис мемлекетінде өткен халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып келдік. Тунис татамиіне жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын барлық дзюдошылар келді. Шеберліктерімізді шыңдап, тәжірибе алмасу барысында барлық қарсыластарымыздың күрестерімен таныстық. Оқу-жаттығу жиыны аяқталғанна кейін құрама мамандары мен спортшылар бірлесіп, қарсыластарымыздың күресіне қарсы әдіс тәсіл дайындап келе жатырмыз.

- Жасөспірімдер Олимпиадасы Бекарыс пен Маргарита үшін спорттағы ең үлкен жарысы...

- Иә, бұл жарыс біздің спортшылар үшін спорт жолындағы ең үлкен әрі маңызды жарысы болғалы тұр. Қазіргі таңда екеуі де, Бекарыс Сәдуақас (-100 кг) та, Маргарита Гриценко (-78 кг) да әлемдік рейтингте көш басында тұр. Екі дзюдошымыз да 2018 жылы өткен маңызды ірі халықаралық жарыстарда бірінші орынмен оралып, іріктеу кезеңінде максималды балға қол жеткізді. Екеуінен де үміт күтеміз.

e0a08d77d2f60609f91f514b20ed669c.jpg

- Жоспар қандай?

- 1 алтын, 1 қола алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, екі дзюдошымыздың чемпион болуға қауқары жетеді.

- Тунисте өткен халықаралық оқу-жаттығу жиынында Олимпиадаға қатысатын барлық дзюдошылар келді деп отырсыз. Олар да біздің дзюдошылардың күресімен танысты ғой?

- Иа, олар біздің, біз олардың күресімен танысып, енді соған қарай тактикалық, теориялық тұрғыдан жоспарлар құрып отырмыз.

- Нақты кімге? Спортшыларымыздың басты қарсыластарын атап өтсеңіз

- Мысалы, Маргарита Греценконың ең басты қарсыласы деп Бразилия спортшысы Эдуарда Розаны айтсақ болады. Ол Панамерика ойындарының чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері және Еуропа кубоктарының жеңімпазы. Және де кадеттер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа Чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа кубогының үш дүркін чемпионы германиялық Эйжл Рафаэлла да осал қарсылас емес. Маргарита Греценко осы күнге дейін жарыстарға 70 келіге дейінгі салмақта қатысса, жасөспірімдер Олимпиадасында 78 келіге дейінгі салмақта күреседі. 2018 жылы өз салмағында 5 ірі жарысқа, соның ішінде Азия чемпионатына қатысып, барлығында Чемпион болып келді.

Ал ұлдардан Сәдуақас Бекарыс жарысқа 90 келіден жоғары салмақта белдесіп жүргенімен, Буэнос Айресте 100 келіге дейінгі салмақта бағын сынайтын болады. Оның басты қарсыластары деп осы салмақта бірінші орында тұрған түркиялық спортшы Омер Айдынды айтуға болады. Ол Әлем чемпионатында қола, Еуропа чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ, Еуропа кубогын 4 рет ұтып, 2 рет күміс жүлдегер атанған мықты дзюдошы. Кейін осы салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа кубогының екі дүркін чемпионы грузин Илла Сулманидзені де өзімізге басты қарсылас деп білеміз.

906cb6e0ff73b8daf5101e7001b97a53.jpg

- Біздің спортшылар қаншалықты дайын?

- Өздеріңіз білетіндей, жасөспірімдер болсын, ересектер арасындағы Олимпиада болсын, бұл жерге осал спортшы келмейді Барлығы жыл бойы іріктеуден өтіп, тиісті ұпайға қол жеткізгенде ғана Олимпиада жолдамасына ие болады. Біздің құрамадағы спортшыларда қара жаяу емес. Мысалы, Маргарита Гриценко 2018 жылы 5 жарысқа қатысты. Биыл Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, екінші рет Азия чемпионы атанды. Бекарыс Сәдуақас та құрлықтық чемпионатта өте жоғары деңгейде күресіп, Азия чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды. Одан бөлек, Бекарыс Гонконгта жастар арасында Азия кубогына қатысып, ол жақта да жеңімпаз атанып үлгерді. Екі спортшымызды да ІІІ жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына 100% дайын.

- Сұрақтарға жауап бергеніңізге рақмет! Жас спортшыларға Олимпиада ойындарында сәттілік тілейміз!

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар