Қажыбаев, Исанова және Берліқаш Әлем чемпионатында ұтылды

13:21 | 26 қыркүйек 2018

Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында жекелей сындар бойынша белдесулер аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан сапынан 3 дзюдошы шықты.

100 келіден жоғары салмақта белдескен балуанымыз Ерасыл Қажыбаев Чили спортшысы Францизко Солисты иппон ұпайымен ұтып, жарысты сәтті бастады. Екінші кездесуінде өзбек балуаны Бекмурод Олтибоевтан иппон ұпайымен жеңіліп, жарысты сәтсіз аяқтады.

Ал 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Исанова бірінші кездесуін Пуорториколық Можика Мелиссаға қарсы өткізсе, дәл осы салмақта Камила Берліқаш Елизаветта Каланинаға қарсы күресті. Нәтижесінде, әйелдер құрамасынан татамиге шыққан қос бұрымды балуанымыз да қарсыластарына есе жіберіп, жарысты бірінші айналыман аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, Бауде өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынында қос медаль бар.Осы әлем біріншілігінде Галбадрах Отгонцэцэг қола, Ерлан Серікжанов күміс жүлде алған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар