Қазақстандық дзюдошылардың әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталды
Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан Әлем чемпионатының жекелей және аралас командалық сайыстарының жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребеге сәйкес, 60 келіге дейінгі салмақта жарыстың алғашқы күнінде татамиге шығатын Ғұсман Қырғызбаевтың алғашқы қарсыласы - түркиялық Ахмед Сахин Каба. Ал осы күні тағы бір отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг Габриела Шибана (Бразилия) мен Геронай Уитибой жұбының жеңімпазымен күреседі.
21 қыркүйекте 66 келіге дейінгі салмақта Ерлан Серікжанов бірінші кездесуін Мозамбия спортшысы Артур Джуниор Карлосқа қарсы өткізеді.
22 қыркүйекте 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстаннан екі дзюдошы шығады. Жансай Смағұлов жарысқа екінші кезеңнен қосылса, Бекәділ Шаймерденов Бенджамин Аксуспен (Франция), ал 57 келіге дейінгі салмақта Севара Нышанбаева Ивалина Илиевамен (Болгария) кездеседі.
23 қыркүйек күні 81 келіге дейінгі салмақта Азиз Қалқаманұлы Ли Сиенгсумен (Солтүстік Корея), Дидар Хамза Уилли Марвел Нгоуозеу Майо (Камерун), әйелдер құрамасынан 63 келіге дейінгі салмақта Ақниет Тұрдан жарысты екінші айналымнан бастайды.
Ал 24 қыркүйекте 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев Тоц Кристианмен лғашқы белдесуін белдессе,, дәл осы күні бұрымды балуандарымыздан Ажар Салықова Сара Родригес (Испания) мен Аэлита Щербакова Мария Бернабеумен (Испания) татамиге шығады.
100 келіге дейінгі салмақта 25 қыркүйек күні белдесетін Виктор Демьяненконың алғашқы қарсыласы Иван Ремеренко (ОАӘ), 78 келіге дейінгі салмақтағы Зарина Райфованың қарсыласы Силла Мамада (GUI).
Жекелей сайыстың соңғы күнінде татамиге аса ауыр салмақтағы балуандар шығады. Қазақстан сапынан осы Ерасыл Қажыбаев күреседі. Оның алғашқы қарсыласы – Франциско Солис (Чили). 26 қыркүйек күні әйелдер құрамасынан аса ауыр салмақта екі спортшы күреседі. Камила Берліқаш Елизавета Каланинамен (Украина), Гүлжан Исанова Мелисса Можикамен (Перу) жарысты бастайды.
27 қыркүйек күні Әлем чемпионатында аралас командалық сайыстар өтеді. Жеребе бойынша «D» тобына түскен Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Ресеймен кездеседі.
Әлемнің 125 елінен 758 спортшы қатысатын әлем чемпионаты 20-27 қыркүйек күндері әр күн сайын Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады.
Әлем біріншілігін тікелей эфирде халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайты мен қазақстандық "QazSport" арналары тікелей эфирде көрсетеді.
0 пікірлер