Дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі

15:27 | 11 қыркүйек 2018

20-27 қыркүйек күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігіне әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың евро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола жүлдегерге 7 мың доллар сыйақы беріледі.

Бакуде өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрама командасынан 17 спортшы қатысады.

Ерлер:

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-81 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Ислам Бозбаев (-90кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Ақниет Тұрдан (-63 кг)

Аэлита Щербакова (-70 кг)

Ажар Салықова (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Гүлжан Исанова (+78 кг)

Камила Берліқаш (+78 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар