Галбадрах Отгонцэцэг - Гран При кезеңінің қола жүлдегері

21:54 | 28 шілде 2018

Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг Загребте өтіп жатқан әлемдік Гран При кезеңінде қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында италиялық Милани Францисканы вазари ұпайымен жеңді.

48 келіге дейінгі салмақта белдескен татами шебері Галбадрах алғашқы кездесуінде Италия спортшысы Жиёрда Францисканы, екінші айналымда ұлыбританиялық Кэлли Станддонды жеңген болатын. Алайда, ширек финалда украиналық Дарья Билодидқа есе жіберіп, жартылай финалдан тыс қалды. Ал жұбаныш белдесуінде Израиль спортшысы Ноа Минскерді жеңіп, жұбаныш финалында қола үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Өкінішке қарай, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Рустам Ибраев шешуші белдесуде чех балуаны Давид Пулькрабекке ұтылып, жарысты 5-ші орынмен аяқтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар