ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН КИІМ ҮЛГІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

11:42 | 24 шілде 2018

Қазақстан ұлттық құрамасы Жазғы Азия ойындарына отандық өндірушілер дайындаған жаңа киім үлгісімен аттанады. Спортшылардың жаңа образын жасауда көшпенділер тақырыбы басты назарға алынды. Коллекцияның негізгі нысаны – техно-стильде орындалған сұңқар құс. Қазақстан тарихында жыртқыш құстармен аң аулау үлкен маңызға ие екені белгілі. Аңды көп қағатын құстар еркіндіктің, биікке ұмтылудың символы болып есептеледі. Негізгі детальдардың бірі ретінде барлық өнімдерден көрінетін «KZ» әріптерін айтуға болады.

1d89006364b5f46eccce1bff73472443.jpg

Спорттық экипировка жаттығуға және шеруге арналған костюмдерден, поло, шолақ шалбар, жеңіл жейде және өзге де қажетті элементтерден құралған. Барлығы 16 бағыт бар. Форманың дизайны мен дайындалуы қазақстандық өндірушілерге тапсырылды. Формадағы киімдердің барлығы Азия ойындарын қабылдаушы мемлекет – Индонезияның климаттық ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалды.

d5c2d2f31af3aaecd172875eead3f55c.jpg

da1c613d5d09d3e49322696dfe3e2060.jpg

8ca3385b946ba9541d1ce2f9662ce1da.jpg

Экипировкадағы киімдердің басым бөлігі трикотажды кенеп матадан тігілген. Бұл спортшылардың киім кигенде өзін ыңғайлы сезінуіне көмектеседі.

Форма негізінен қою көк және ақ түстерден құралады, ал басты шешімдер – минимализм мен таға бағыт. Киімді өлшеп көрген спортшылар форманың ыңғайлы әрі әдемі екенін алға тартты.

Аталған киім үлгісі Қазақстан ҰОК арнайы комиссиясының шешімімен таңдалды. Сондай-ақ, комиссия құрамына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен танымал спортшылар енді.

b8eebd37dfbd22d92e50a0c90c0027a0.jpg

Форманы алғашқылардың бірі болып суда жүзуші Дмитрий Баландин, синхронды жүзуші Кристина Тыныбаева мен ашылу салтанатында Қазақстан байрағын көтеріп шығатын боксшы Әбілхан Аманқұлдаркиіп көрді.

Әбілхан Аманқұл форманың өте ыңғайлы, қимыл-қозғалыс кезінде еш кедергі келтірмейтінін айтты. Боксшының айтуынша, құрлықтық ойындарда Қазақстан құрамасының киім үлгісі бірден көзге түсуі керек.

«Маған жаңа форма қатты ұнады. Кигенде денеге жайлы, заманауи үлгіде тігілген. Өзге спортшылар да жақсы баға береді деп ойлаймын», - дейді Ә. Аманқұл.

bac37b021935d3f22e6336f8d80aaf8b.jpg

«Қазақстан құрамасының жаңа формасын осымен бірнеше рет алғашқылардың бірі болып киіп көрдім. Бәрінен бұрын, костюмдердің сыртқы келбетін атап өткім келеді. Дизайн жаңарғаны көзге ұрып тұр. Жаттығу арналған киімдер де, шеруге арналған костюмдер де дәл шақ болды. Спорттық костюм өте сапалы, жаттығу жасауға да ыңғайлы екені қуантады. Маған ерекше ұнады. Мұндай костюмдерді жаттығуға ғана емес, күнделікті өмірде де киіп жүруге болады», - дейді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

6b905b7c268a8ce3056e22816856551e.jpg

Синхронды жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Кристина Тыныбаева да костюмдердің сырт көзге әдемі көрінетінін алға тартты. Оның сөзінше, ақ және қою көк түстер мен жалпы образдың ықшамдылығы оған қатты ұнаған.

fdf0d2fbfe574d82a265ede7e2ed9b5a.jpg

Айта кетейік, Индонезиядағы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 18 тамызға жоспарланған. Құрлықтың ең басты додасына 25 олимпиадалық спорт түрінен (37 спорттық дисциплина) 410 спортшы қатысады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар