Қазақстан жастар құрамасы Азия кубогында 3 алтын алды
14-15 шілде күндері Гонконгта жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтті. Азия құрлығының 17 елінен 125 жас татами шебері белдескен сында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 қола жүлдемен медаль кестесінде 2-ші орынға жайғасты. Қазақстан жастар құрамасынан жарысқа 4 спортшы қатысып, оның барлығы жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Дамир Болатбеков (55 кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг) және Бекарыс Садуақас (-100 кг) жарыс барысында қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы атанса, Сұңғат Жұбатқан (66 кг) ел қоржынына қола медаль салды.
Дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасының бас бапкері Арсен Хатип жастар 6 айдан кейінгі болатын Әлем Чемпионатына дайындықты бастап кеткенін айтып, пікірімен бөлісті.
- Қазақстан жастар құрамасы осы уақытқа дейін Еуропа кубогтарына қатысып жүрсе, кеше Азия кубогында бақтарын сынады. Нәтижесінде, ерлер командасынан 4 дзюдошы қатысып, 4-еуі де жеңіс тұғырынан көрінді. Дамир Болатбеков, Бауыржан Нарбаев, Бекарыс Садуақас жарыс чемпионы болса, Сұңғат Жұбатқан қолаға қол жеткізді.
Бұл жарысқа қатысудағы мақсат – әлемдік рейтинге жоғары ұпай жинап, спортшыларды Азия құрлығындағы балуандарымен белдестіру. Себебі, Еуропа, Азия елдерінің спортшыларымен әлем чемпионатында кездесеміз. Азияда біздің басты қарсыластарымыз – Оңтүстік Корея, Моңғолия, Жапония елінің спортшылары. Ал азиялықтар Еуропа ашық кубогтарына қатыса бермейді. Спортшыларымызды әр елдің дзюдошыларының, қарсыластарының тактикасына қарай дайындайтындықтан үшін әрбір жарыс біз маңызды болып отыр, - дейді, Қазақстан жастар құрама командасының бас бапкері Арсен Хатип.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы жастар арасындағы Әлем чемпионаты 17-21 қазан күндері Нассауда өтеді.
0 пікірлер