Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Еуропа Кубогының күміс жүлдегері атанды

22:54 | 14 шілде 2018

Бүгін Германияның Саарбрюккен қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Еуропа Кубогы басталды. Жарыстың бірінші күнінде 66 келіде бақ сынаған қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге ие болды.

Іріктеу кезеңінен іркілмей шыққан отандасымыз жартылай финалда француз балуаны Кевин Аземаны жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Алайда, финалда грузиялық Торник Нагиашвилиге есе жіберген Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына жарыстың алғашқы күміс жүлдесін салды.

Естеріңізге сала кетсек, Саарбрюккенде дзюдодан Еуропа Кубогы өтіп жатыр. Тартысты додаға 26 елден 387 дзюдошыы қатысып жатыр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар