​Алматыда жастар арасында Азия кубогы басталды

20:03 | 21 сәуір 2018

Бүгін Алматыда «Халық арена» спорт сарайында дзюдодан Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Б. Махмұтовтың құрметіне арналған жатсар арасында Азия кубогы басталды. Жарыстың ашылу салтанатына Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Донбай, Қазақстан дзюдо федерациясының вице президенті Асхат Житкеев, Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті вице президенті Абай Қамақов қатысты. Сондай-ақ, Азия кубогында қазақ дзюдосының мақтаныштары бас қосып, жарыстың құрметті қонағы болды. Қонақтар арасында КСРО Чемпионатының күміс жүлдегері Бостан Жаңбырбаев, Қазақстан дзюдо федерациясының вице президенті, Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Житкеев, Сидней Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов, бірнеше халықаралық турнир жеңімпазы, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия Чемпионатының қола жүлдегері, «Grand Slam» турнирінің екі дүркін күміс медаль иегері Азамат Мұқанов,Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем Чемпионы, Азия ойындарының Чемпионы, Азия Чемпионы, Әлем кубогының жеңімпазы, Гран При турниірінң үш дүркін Чемпионы, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елдос Сметов бар.

1ffccd378ad7e5c66ab412c5166e603d.JPG

Жастар арасында өткізіліп отырған Азия кубогының ашылу салтанатында Қазақстан дзюдо федерациясының вице президенті Асхат Житкеев Қазақстанда дзюдоның дамуынна ерекше үлес қосқаны үшін Абай Қаймақов пен Нұрлан Жабаевты 5 дан сертификатымен марапаттады.

Жарыстың бірінші күнінде жастар 7 салмақ дәрежесінде белдесті.

Назарларыңызға Б.Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасындағы Азия кубогының бірінші жарыс күнгі нәтижелерін ұсынамыз.

79c9d81087c092d347c064aac18ff827.JPG

Ұлдар:

55 кг

1. Нұрхан Алмабек

2. Абдусамат Бақыт

3. Ұлықбек Әбілхайр

3. Дамир Болатбеков

8ee69095f59830548117ee545afffcf9.JPG

60 кг

1. Бауыржан Нарбаев

2. Бекзат Молдақапас

3. Нұрзт Сәлімбаев

3. Арман Есқазиев

5ece345fe1f73b344482273e6844f50f.JPG

66 кг

1. Сұңғат Жұбатхан

2. Марат Жанқожа

3. Айболат Ыстыбай

3. Ертур Турдубаев (Қырғызстан)

dbe3184862ab1b0cedd7ce0489d9d343.JPG

Қыздар:

44 кг

1.Адия Сайын

2.Еркежан Махмудова

3.Маргарита Бажаева

45d3de8163d1cce161916926c1323b08.JPG

48 кг

1. Ғалия Тынбаева

2. Ақмарал Науатбек

3. Бибіхан Набиева

3. Салтанат Сұлтанбекова

7302009999454fe908c582006d145702.JPG

52 кг

1.Ақмарал Ерназар

2. Динара Бикен

3. Нұрсұлу Ералиева

3. Жадыра Әміртаева

4ff99049cba29d6167839b0b3b894955.JPG

57 кг

1. Меруерт Сәрсенова

2. Ләззат Әлімхан

3. Аида Карчаева

3. Рауза Нұрмахамметова

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіліп отырған жастар арасындағы Азия кубогы 22 сәуір күні аяқталады. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Оңтүстік Кореяның дзюдошылары қатысып, жүлдені сарапқа салуда.

Жарыс отандық «Qazsport» арнасынан көрсетілсе, жарыс нәтижелері ippon.org сайтында онлайн шығарылып отыр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар