Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан Кубогы аяқталды

21:47 | 13 қараша 2017

Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогы аяқталды. Ерлерден 14, әйелдерден 9 команда қатысқан ел кубогы өте тартысты өтті.

Ерлерден финалда Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысының дзюдошылары белдесті. Финалдық белдесуде Ақтөбеліктер 3:2 есебімен Шығыс Қазақстан облысының спортшыларынан басым түсіп, Қазақстан Кубогына ие болды. Ал Павлодар облысы мен Батыс Қазақстан облысы дзюдодан Қазақстан кубогының қола жүлдегерлері атанды.

b861144501cacd6248621f625f11897e.JPG

Әйелдер арасында Алматы облысының қыздары қарсылас шақ келтірмеді. Олар финалда Қызылорда облысының қыздарымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіп, кубогқа ие болды. Әйелдер арасында 2017 жылғы Қазақстан кубогының қола жүлдесін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысының бұрымды балуандары жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде 10-12 қараша күндері дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткен болатын. Ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында медаль саны бойынша командалық есепте ОҚО спортшылары көш бастап тұр. Олардың қоржынында 4 алтын, 1 қола медаль бар. Ал екінші орынға 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медальмен Алматы қаласы жайғасса, 2 алтын, 1 күміс және 5 қоламен ШҚО дзюдошылары үшінші орынға тұрақтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар