Қазақстандық дзюдошылар 16 медаль жеңіп алды

15:00 | 06 қараша 2017

Словенияның Градек қаласында 4-5 қараша күндері дзюдодан жасөспірімдер арасында халықаралық жарыс өтті. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде жас балуандарымыз жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына 16 медаль салды. 4 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлде иеленген отандастарымыз жекелей жарысты медаль саны бойынша қатысушы командалар көшін бастаса, командалық сайыста күмісті місе тұтты. Екінші орынға Венгрия дзюдошылары жайғасса, жүлделі үшінші орынға Германияның жасөспірімдер құрамасы тұрақтады.

Назарларыңызға жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ұсынамыз:

І орын - Аяулым Қуанышова (48 кг)

І орын - Ерлан Советхан (50 кг)

І орын - Серікбол Естай (66 кг)

І орын - Нұрзат Сəлімбаев (60 кг)

ІІ орын - Сара Құлым (44 кг)
ІІ орын - Шерзод Давлятов (55 кг)
ІІ орын - Абылай Өтеуов (73 кг)
ІІ орын - Бекарыс Садуақас (90 кг)

ІІІ орын - Рауза Нұрмахамметова (57 кг)
ІІІ орын - Меруерт Сəрсенова (57 кг)
ІІІ орын - Саёра Мырзахметова (57 кг)
ІІІ орын - Əділет Сапарғалиев (81 кг)
ІІІ орын - Жанузақ Ермағанбет (+90 кг)
ІІІ орын - Мұханбет Зулхарнаев (+90 кг)
ІІІ орын - Ермек Амангелді (66 кг)

ІІІ орын - Ли Даниль (81 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар