ГҮЛЖАН ИСАНОВА - ГРАН ПРИ ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

22:28 | 08 қазан 2017

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан Гран При турнирі өз мəресіне жетті. Əлемнің 27 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысқан дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс жəне 2 қола медальмен жарысты медаль саны бойынша 5 орынмен аяқтады.

04a5825f80a6cd76ddbf3f6a66b039dc.jpg

Жарыстың соңғы күнінде +78 келі салмақ дəрежесінде татамиге шыққан Гүлжан Исанова ел намысын абыроймен қорғады. Отандасымыз ширек финалда өзбекстандық Нодира Жуманиязованы, жартылай финалда Рахима Ёлдашованы иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, финалда словениялық Анамари Веленсекке есе жіберді.

Естеріңізге сала кетсек, Ташкенттегі Гран При турнирінде Жансай Смағұллв (73 кг) - алтын, Абылайхан Шаратов (60 кг) жəне Севара Нышанбаева (57 кг) қола медаль алған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар