Жансай Смағұлов - Гран При турнирінің жеңімпазы

20:08 | 07 қазан 2017

Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан əлемдік Гран При турнирінің екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов жарыс жеңімпазы атанды.

73 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен отандасымыз финалда өзбек балуаны Гиесжан Бобоевты уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Жансай Смағұлов ширек финалда ауғанстандық Ришад Ариармудты вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Жарытылай финалдық белдесуде Өзбекстан спортшысы Мирзохид Фармановты да вазари ұпайымен жеңіп, финалға шыққан болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар