Абылайхан Шаратов - Гран При турнирінің қола жүлдегері
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Шаратов дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Шаратов дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Абылайхан Шаратов алғашқы айналымда ауғанстандық Аликозай Зелжайды иппонмен жеңіп жарысты сәтті бастады. Алайда, ширек финалдық белдесуде өзбекстандық Шарафуддин Лутфиллаевқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күш сынауға мүмкіндік алды. Бірінші жұбаныш белдесуінде Өзбекстан дзюдошысы Субхонов Рахимжанды ұтқан отандасымыз қола жүлде үшін де Өзбекстан балуаны Достан Рузиевпен кездесіп, уақытынан бұрын иппон ұпайын еншілеп, Гран При турнирінің қола жүлдесін иеленді.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Ташкентте басталған Гран При турнирі қазанның 8-іне дейін жалғасады. 3 күнге жоспарланған әлемдік Гран При кезеңінде әлемнің 27 елінен 183 татами шеберлері өзара мықтыны анықтайды.
0 пікірлер