Таразда КСРО Спорт шебері Б.Ташметовты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
29 қыркүйек – 1 қазан аралығында Тараз қаласында КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді. Халықаралық турнирге Қазақстан, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Россия, Армения, Моңғолия, Корея елдерінен 2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер қатысады. Аталмыш жарыс Тараз қаласында орналасқан «Тараз Арена» спорт кешенінде өтеді. Турнир күн сайын сағат 10:00-де басталады. Жарыстың ашылу салтанаты 29 қыркүйек сағат 13:00-ге жоспарланған.
Жарыс бағдарламасы
29 қыркүйек
Жасөсіпірім ұлдар: 46 кг; 50 кг; 55 кг;
Жасөспірім қыздар: 40 кг; 44 кг; 48 кг;
10:00 – Жарыстың басталауы
13:00 – Салтанатты ашылу шарасы
14:00 – Жартылай финалдық және финалдық кездесулер
30 қыркүйек
Жасөсіпірім ұлдар: 60 кг; 66 кг; 73 кг;
Жасөспірім қыздар: 52 кг; 57 кг; 63 кг;
10:00 – Жарыстың басталауы
1 қазан
Жасөсіпірім ұлдар: 81 кг; 90 кг; +90 кг;
Жасөспірім қыздар: 70 кг; + 70 кг;
0 пікірлер