Дзюдодан Президент Кубогы Ақтөбеде өтеді

15:48 | 21 қыркүйек 2017

27-29 қыркүйек күндері Ақтөбеде дзюдодан Президент кубогы өтеді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасының Президенті кубогында дзюдошылар команда бойынша сынға түседі. Жарысқа 2000 жылға дейінгі туылған ерлер қатыстырылады.

Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізіледі.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар