Отгонцэцэг Галбадрах Әлем Чемпионатындағы жүлдесі үшін сыйақы алды

23:37 | 20 қыркүйек 2017

Бүгін Алматы қаласында спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы дзюдо, бокс, күрес түрлері және таеквондо бойынша 2017 жылғы Әлем чемпионаттарында жеңімпаз танылып, жүлдегер атанған спортшыларға, бапкерлер мен кешенді ғылыми топ мүшелеріне жылдың маңызды додасында ел намысын абыроймен қорғағандары үшін алғыс білдіріп, ақшалай сыйақы табыстады.

Марапаттау рәсімін Күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Абулғазин және ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков жүргізді.

Дзюдодан 2017 жылғы Әлем Чемпионатының қола медаль иегері Отгонцэцэг Галбадрах, Қазақстан әйелдер құрама командасының бас бапкері Энхбаатар Дашжамц, аға бапкер Марат Данайбаев, сондай-ақ, кешенді ғылыми топ мүшелері конфедерация ұсынған сыйақыға ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар