ӘЧ-2017: Жарыстың екінші күнінде қазақстандықтар жүлдесіз қалды
Әлем Чемпионатының екінші күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан отандасымыз Азамат Мұқанов алғашқы айналымда-ақ Бразилия спортшысы Чарлиз Шибанаға вазаримен ұтылып, жарыстан шықты.
Дәл осы салмақта белдескен тағы бір дзюдошымыз Елдос Жұмаханов алғашқы айналымда әзірбайжандық Ниджат Шихализадемен кездесті. Қарсыласы дзюдода тыйым салынған әдіспен белдескені үшін жарыстан шеттетіліп, жеңіс отандасымыз Елдосқа берілді. Екінші айналымда
мексикалық Ангел Эрнандесті иппонмен ұтқан Елдос үшінші айналымның қосымша уақытында кореялық Ким Лимхуанға жеңіліп, Әлем Чемпионатын сәтсіз аяқтады.
Естеріңізге сала кетсек, Будапештте Дзюдодан Әлем Чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің 126 елінен 731 спортшы келген маңызды додада ел құрамасынан 18 дзюдошы қатысып жатыр. Әлем Чемпионаты 3 қыркүйекке дейін жалғасады.
0 пікірлер