Отгонцэцэг Галбадрах - Әлем Чемпионатының қола жүлдегері

21:00 | 28 тамыз 2017

Будапештте өтіп жатқан Әлем Чемпионатында отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах қола медальға ие болды.

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды. Әлем Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франчиска Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дария Билодидті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, жартылай финалда отанбасымыз Отгонцэцэг Галбадрахтан жапон қызы Тонаки Фуна қосымша уақытта басым түсіп, финалға өте алмады. Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль үшін болған белдесуде Ресей спортшысы Ирина Долгованы жеңіп, ел қоржынына алғашқы медальді салды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар