Әлем Чемпионатының жеребесі тартылды

20:07 | 27 тамыз 2017

Бүгін Будапештте дзюдодан Әлем чемпионатының жеребесі тартылды. 126 елден 731 дзюдошы қатысатын жылдың ең маңызды додасында Қазақстан намысын 18 дзюдошы қорғайды.

Ертең, 28 тамыз күні әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде ерлерден 60 кг, әйелдерден 48 кг салмақ дәрежесіндегі татами шеберлері бақтарын сынайды. Аталған екі салмақта Қазақстан ұлттық құрамасынан 3 дзюдошы шығады. Олар: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) және Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг).

Жеребе бойынша Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы - Нэусо Сигаукие (Мозамбик), Ғұсман Қырғызбаев франциялық Ривол Кедрикпен кездеседі. Ал Отгонцэцэг Галбадрах әлем чемпионатын екінші айналымнан бастайды. Қарсыласы – Италия спортшысы Милани Франциска.

Әлем Чемпионатының ірікітеу кезеңі Астана уақытымен 14.00-де, финалдық кездесулер 20:00-де басталады. «Qazsport» арнасы дзюдодан Әлем Чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан әлем чемпионаты 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 дзюдошы қатысады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар